Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері №2 мектеп-лицейінің оқушыларына танымдық экскурсия өткізді. Экскурсияның мақсаты — оқушыларды кітапхананың жұмысымен таныстыру, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
Экскурсия барысында оқушылар кітапхананың тарихымен, бөлімдерімен қатар ақын, жазушы, драматург Төлеген Қажыбаевтың шығармашылық кабинеті және Қазақстанның Халық жазушысы Сәкен сері Жүнісов атындағы мәжіліс залымен танысты.
Экскурсия соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Олар кітапханаға қайта келіп, ұнатқан кітаптарын алатындарын айтты.