Кітап – ұлттың рухани тірегі

14 сәуірде Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне арналған «Кітап – ұлттың рухани тірегі» фестивалінің «Kitap Avenue»ашылуы өтті.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтайда сөйлеген сөзінде кітапқа деген сүйіспеншіліктің маңыздылығын атап өтіп, көптеген елдерде оқу мен кітапқа арналған ұлттық күндер енгізілгенін атап өтті. «Біз ең алдымен жастарды оқуға деген сүйіспеншілікке баулуымыз керек. Тек осылай ғана біз оқырман ұлтқа айналамыз» — деді.
Осыған байланысты Мағжан Жұмабаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында онкүндік аясында түрлі деңгейде іс-шаралар жалғасын табады.
Онкүндіктің бірінші күні облыстық кітапханада экскурсия жүргізіліп, арнайы қонақтарын кітапхананың бөлімдері таныстырылды. Сонымен қатар, екінші қабаттың залында қазақ халқының аңыздарына арналған Балалар көркемсурет мектебінің оқушыларының суреттер көрмесі, Сәкен сері Жүнісов атындағы конференц залында Жеңістің 80 жылдығына арналған фильм көрсетілді.
Іс-шараға Көкшетау қаласының полиция басқармасының қызметкерлері және № 11 мектеп-гимназиясы мен № 2 мектеп—лицейінің оқушылары қатысып, өздеріне мол ақпарат жинады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *