2023 жылдың 5 қазан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналған «Дауылпаз ақын – ел мақтаны» атты ақпараттық сағат ұйымдастырды. Оған №21 мектеп-лицей оқушылары қатысты.
Іс-шара өршіл жырлары арқылы ерлікті ту еткен Махамбет Өтемісұлының қазақ әдебиетіндегі орнын, оның ақындық қызметі туралы баяндау, ақын шығармашылығына құрметпен қарауға үйрету, өлеңмен ой салып, халық санасын оятуға күш салған ерекше қасиетін оқушы бойына дарыту, өмірі мен өлеңдерінің ерекшелігін аша отырып, күйлері, термелері жөнінде түсінік беру мақсатында өткізілді.
Махамбет Өтемісұлының рухты өлеңдерінен балалардың алған әсері зор болды.