Еңбек адамы

Тың игеру тарихы не бір мамандардың  өмірінде өз ізін қалдырды. Сонау 1954 жылы Облыстық мәдениет басқармасы облыстық кітапхана директоры етіп Елеусізов Сейтжан Елеусізұлын тағайындайды. Отан үшін өрт кешкен, ардагер өзінің елжандылығын әр уақыт да жоғары ұстады. Облыстық кітапхананың келешегі ардагер  басшының иығына  жүктелді. Ұжымның басым бөлігі әйел адамдар болғандықтан, директор «қайтсем әйелдер жұмысын жеңілдетем» – деген сұраққа жауап іздеді. Сөйтіп, штат бірлігін өсірді, ол 12 адамға жетті, библиография және әдебиеттерді өңдеу бөлімдері ашылды. Кітапхана жұмысы жандана бастады, техника және ауылшаруашылық саласы әдебиеттерінің айналымы ұлғайды, оқырмандар саны артты, қаланың  кәсіпорындарында  кітапхананың 17 жылжымалы қызмет көрсету жұмысы жүргізілді.

 

1962 жылдан әдістемелік бөлімге Москва мәдениет институтының түлегі Белан Александра Ивановна жетекшілік етеді. Білікті маманды өз ісінің шебері деп таныған Облыстық мәдениет басқармасы, осы жылы (1962) кітапхана директоры етіп  тағайындайды. Сол жылдан бастап кітапхана келбеті түпкілікті өзгереді. Кітапхана тұрақты түрде жетілу мүмкіншілігі бар  гуманитарлы-ағартушылық, мәдени-демалыс орталығына айналады. Кітапханаға 5 қабатты тұрғын үйдің (Чкалов көшесі) бірінші қабаты түгелімен беріледі. Кітапхананың кітап қоры 91.6 жүз данаға жетеді. Облыстық кітапхананың қорын толықтыру мақсатында тақырыптық жоспарлар құру жұмысы басталады. Ол үшін облыстың және облыс орталығының халық шаруашылығы саласы зерттеледі, анықтамалық-библиографиялық және әдістемелік жұмыстар белсенділік таныта бастайды.

Кітапхананың дамуының жаңа кезеңі 1971 жылдың қазан айынан басталды, өйткені дәл осы мезетте облыстық кітапхана арнайы жаңа салынған типтік ғимаратқа ие болды. Бұл 300 мың бірлік сақталымға есептелген типтік ғимарат қазіргі Абай көшесіндегі 111 үй (бұрынғы К. Маркс көшесі) болатын.

«Қазақ ССР мемлекеттік облыстық кітапханаларының типтік  жарғысы» негізінде облыстық кітапханада шет ел әдебиеттері бөлімі, ауылшаруашылығы саласы бойынша әдебиеттер бөлімі, ноталы-әуенді әдебиеттер бөлімі, кітапханаралық абонемент  секторы ашылады.

 

1975-1978 жылдары облыстық кітапхананың қызмет бағыты  облыстың орталық кітапханаларына орталықтандыру торабын құруға көмек көрсету болды. Осы уақыт ішінде ұжым 70 рет топтық іс-сапарға шығып, 652 кітапханаға көмек көрсетіліп, 12 рет орталықтандыру  комиссиясының мәжілісі болған.

1985-1997 жылдар аралығында облыстық кітапхана директоры Пивень Валентина Дмитриевна болады. Бұл кезде кітапханада кітапханалық процессті компьютеризациялау жұмысы басталады. Кітапхана жұмыстарының процесіне АБИС Бағдарламасы енгізіледі, ол «Каталогизатор» модулі болатын.

1992 жылы кітапханаға ақын-жазушы, педагог-ағартушы, аса ірі қоғам қайраткері, саясаткер Мағжан Жұмабаевтың есімі беріледі

 

Жагипарова Алтын Иришевна зейнеткерлікке шыққанға дейін  1990 жылы Көкшетау қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры, 1998 жылы ақпараттық – кітапхана жүйесі (ГИБС) болып өзгертілді. Алтын Иришевна қай жерде жұмыс істесе де, оның еңбекқорлығы, табандылығы мен ұйымдастырушылық қабілеттері, оның қарамағындағы кітапханалар әрқашан жұмыста белгілі бір жетістіктерге қол жеткізді.

 

Жұмабаева Сәлима Лұқпанқызы 1951 жылы 8 наурызда дүниеге келген. М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК директоры болған және осы лауазымда зейнетке шықты. Білімі жоғары – кітапханалық, еңбек өтілі 38 жылдан астам.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *