Мен жастарға сенемін

15 қантарда  М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жаңа 2020-шы жыл тарихының шымылдығын М. Жұмабаевтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған “Мен жастарға сенемін“атты әдеби кешпен ашты.

Іс-шарада Мағжан туралы бейне материалдар, слайдтар қолданылып, кітапхана жастары Оралбек Нұрүш, Аида Амангелдинова, Ботагөз Шаймерденова ол туралы өлеңдер оқыды. 

Қаланың алтыншы мектебінің 8-ші сынып оқушылары іс-шараға белсенді қатысты. Шара соңындамектепоқушылары мен ұстаздары өздерін  , ризашылықпен тарады.

16 қантарда Алаш қайраткері, қазақтың біртуар азаматы,ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың 127 жылдығына орай «Мағжан – ақынның ақыны» атты әдеби кеш өткізді. Іс-шараға қаланың студент жастары қатысты.Әдеби кешті ақынның өлеңдерін оқып, Ш. Уәлиханов атындағы   көпсалалы колледжінің сұлу бойжеткендері ашты. Ақынның қилы да қиын өмірі мен құнды шығармашылығы  жайлы бейнеролик көрсетілді. Келген қонақтар да  Мағжан атамыз жайлы өз білгендерін ортаға сап, кешті мәнді ете білді. Кейін кітапхана қызметкері Мағжан Жұмабаевтың кітаптарына қысқаша шолу жасалды. Іс-шара танымды, тартымды өтті.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *