Мұзбалақ ақын

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйек күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығына арналған «Мұзбалақ ақын» атты еркін форматтағы кеш өтті.
Кеште жиналған жастар үшін ақынның өмірі мен шығармашылығынан ақпарат берілді. Шараның мақсаты – жастар арасында қазақ әдебиетін насихаттау, оқуға баулу. Кеш қатысушылары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары, Шоқан Уәлиханов атындағы университетінің студенттері өздері дайындап әкелген өлеңдерінен шашу шашты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *