М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне өткізілген іс-шара бойынша ақпараты

4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне  орай «М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ онлайн форматында бірқатар қызықты іс-шаралар өтті:«Рәміздер – тәуелсіздік белгісі»бейнеролик дайындалды, онда әлеуметтік желілерді пайдаланушыларын еліміздің мемлекеттік рәміздерімен мемлекеттік тілде таныстырды: ту, елтаңба және Әнұранмен.  Автор туралы, жасау идеясы және ел үшін маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі баяндалды.

Сонымен бірге осы күні тағы бір ақпараттық ролик дайындалды, онда патриоттық әнге мемлекеттік рәміздер туралы ақпарат схема түрінде ұсынылды. Барлық жаңа ақпаратты Facebookте көруге болады.

Осы күні осы мерекеге арналған «Ел рәміздері – ел рухы. Вечные ценности Великой степи» көрмесі бойынша орыс тілінде онлайн шолу өткізілді. мен әңгімелесу. Көрмеде кітаптар, кезеңдік басылымдардан қызықты баспа материалдары ұсынылады:Бәйтерек», «Астана», «Мысль», «Полис», «Казахстанская правда», «Акмолинская правда», «Айқын», «Астана-Ақшамы».Жүргізуші мемлекеттік рәміздердің тақырыбын баяндайтын қызықты жарияланымдарға тоқталды.

Facebook платформасында кезеңдік басылымдар залының кітапханашысы «Ашық трибуна» форматында мемлекеттік тілде барлық әлеуметтік желі пайдаланушыларын тамаша мерекемен құттықтады және еркін форматта осы тақырыпқа қызықты диалог өтті.

Осындай іс-шараларды өткізумен біз жастардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне деген үлкен құрметін арттыруға тырысамыз.Әрбір адамның ең қасиеттісі – ол Отан. Біздің Отанымыз – Қазақстан.Біздің Отанымызға қаншалықты тағзым ететін болсақ, біз рәміздерге соншалықты тағзым етеміз, өйткені олар біздің еркін, тәуелсіз Қазақстан Республикасын бейнелейді.Айта кету керек, әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың көпшілігі 4 маусым мерекесі туралы ақпаратты біледі және мемлекеттік рәміздердің құрылу тарихы мен жобалардың авторлары туралы көп біледі.

4 маусым күні облыстық кітапхананың жеке мұрағатынан өткен жылдардан осы күнге дейін өткізілген іс-шаралардан алынған фотосуреттер мен бейне материалдар үнемі таратылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *