17 қаңтар Ақмола облысы мемлекеттік кітапханалар жүйесінің атқарған қызметі туралы М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК есебін ұсынды.
2024 жылы Ақмола облысында 336 кітапхана жұмыс істейді, оның 329-ы мемлекеттік кітапханалар жүйесі.
2024 жылы облыс кітапханаларында 740 қызметкер жұмыс істеді, оның ішінде 555 кітапханашы.
2025 жылдың 01 қаңтарына қор 4 млн 430 мың 210 дананы құрады.
Ақмола облысының мемлекеттік кітапханалар жүйесі 315 мың 923 оқырманға қызмет көрсетті, оның ішінде ауылдық жерде 146 мың 367 адам. Оқырмандардың саны 61 адамға көбейді.
Кітап берілімі 5 млн 259 мың 162 дананы құрады (2023 жылмен салыстырғанда 166 мың 437 көбейді), оның ішінде ауылдық жерде – 2 млн 952 мың 596 дана.
Облыста 88 модельді кітапхана жұмыс істейді, оның ішінде ауылдық жерде – 65. Коворкинг орталықтарының саны- 43. 2024 жылы 28 мың 369 іс-шара өткізіліп, 1 миллион 160 мың 635 адам қамтылды.
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, драматург, публицист, әдебиет сыншысы, қоғам қайраткері Сәкен сері Жүнісовтың 90 жылдығына арналған «Серілердің соңғысы» атты өткен ғылыми-теориялық конференция кітапханамыздың күрделі жөндеуден кейінгі ашылуына тұспа-тұс келді. Осы екі іс-шараны ұштастыра отырып, кітапханада драматург, ақын Төлеген Сыздықұлы Қажыбаевтың асыл мұрасы жинақталған шығармашылық кабинеті және Сәкен сері Жүнісов атындағы мәжіліс залы ашылды.
2024 жылы мемлекеттік кітапхана жүйесінің қызметкерлері республикалық маңызы бар байқауларға, конференцияларға, семинарларға, онлайн іс-шараларға қатысып, жақсы нәтижие көрсетті.