Нағымбек Нұрмұхаммедов

Отандық мәдениет тарихына қатысты жазылған «Қазақстан өнері», «Қазақстан графикасы», «Қожа Ахмет Ясауи мавзолейі» еңбектерінің авторы, танымал қылқалам шебері Нағымбек Нұрмұхаммедов 100 жаста.
Нағымбек Нұрмұхаммедов көзінің тірісінде отандық бейнелеу өнері мен көркемсурет мәдениетін дамытуға баға жетпес үлес қосқан жан. Ол – Екін¬ші дүниежүзілік соғыстың ардагері, Қазақ КСР Халық суретшісі, өнер¬та¬ну ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Суретші 1924 жылы Баянауыл ауданы¬ның Сайтанды деген жерінде дүниеге келген. Майдан даласынан аман-есен оралған соң 1947-1953 жылдары Ленинградтағы Илья Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет институтында профессор Р.Р. Френцтің жетек¬шілігімен білім алған. 1959 жылы Алматыға көшіп, Өнер академиясын тәмамдады. Негізінен реализм және импрессионизм бағыттарында ізденіп, көптеген портрет пен пейзажды, тарихи тақырыптағы картиналарды салған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *