Сиқырлы әлемге саяхат

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы №12 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары үшін «Сиқырлы әлемге саяхат» атты ертегілер әлемі тақырыбында әдеби дефиле өткізді. Оқушыларға қазақ ертегілері, шетелдік белгілі ертегілер бойынша қызықты сұрақтар қойылды, танымдық ақпарат берілді.
Іс-шараға оқушылар белсенді қатысып, барлық сұрақтарға мүдірмей жауап берді.

Шара соңында оқушыларға жергілікті «Гормолзавод» мекемесінің атынан балаларға балмұздақ таратылды. Аталмыш кәсіпорын балалар әдебиеті апталығына демеушілік көрсетуде.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *