Пенсионер.КZ

«Пенсионер.КZ» жобасы қарт адамдарды қазіргі заманғы ақпараттық ортаға әлеуметтік бейімдеу жөніндегі міндеттерді шешуде өзекті болып табылады.
2021 жылдың 23-25 маусым аралығында топта сабақ өтті.
Зейнеткерлер ұйымдастырушылық мәселелерді және білім мен білік алғысы келетін бағыттардың тізімін талқылады. Ең алдымен ұялы телефонды оқыту бойынша сабақтар өткізу туралы шешім қабылданды.
Бірінші сабақта жоба қатысушылары смартфон құрылғысымен танысып, негізгі терминдер мен сипаттамалардың мағынасын қарастырды. Екінші сабақтың тақырыбы – Wi-fi, QR-код, «ASHYQ» мобильді қосымшасы.
Смартфонды, компьютерді, интернетті, әртүрлі қосымшаларды пайдалану дағдыларын үйрену, осының бәрі аға буын өкілдерінің өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі.
Зейнеткер үшін заманауи коммуникация құралдарымен жұмыс істей білу-бұл өмірге жаңа мағына беру, қарым-қатынас шеңберін кеңейту, өзін қазіргі заманмен қатар жүргендей сезінудің бір тәсілі болады.
Барлық ниет білдірушілерді шақырамыз! Анықтама мына телефон бойынша 25-60-42.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *