Рухани Жаңғыру» бағдарламасы үш жыл

Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында « Қазақстан – күллі түркі халық¬та¬ры¬ның қасиетті «Қара шаңырағы»» – делінген. Осы киелі қара шаңырақта сақталған қүндылығымызды қадірлеп, оны бүгінгі күнгі талаптармен жаңғыртып, келер ұрпаққа жеткізу бүгінгі күннің маңызды мәселесі болып саналады.
Ұлт көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылдың 12 сәуірінде жасаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізінде басталған «Рухани Жағыру» мемлекеттік бағдарламасы үш жыл бойы Қазақстанда жұмыс істеп келеді. Бұл бағдарлама жаһанданудың барлық қазіргі заманғы қауіп-қатерлерін ескере отырып, қазақстандықтардың рухани құндылықтарын жандандыруға бағытталған.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында 2017 жылы Ақмола облысының кітапханаларында облыстық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен «Рухани Жаңғыру» шағын залдары ашыла бастады. Қазір облыс кітапханаларында осындай 6 зал белсенді жұмыс істейді.
Қазір біз М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Рухани жаңғыру» залындамыз. Мұнда түрлі іс-шаралар өткізіледі, диалог алаңдары құрылады.
Зал кітапханаға келушілердің сүйікті орнына айналды: мұнда сіз Ақмола облысының киелі географиясы бойынша шыққан жаңа әдебиеттер туралы жаңалықтармен, Ақмола облысында жарық көрген фильмдермен танысып, сондай-ақ, жергілікті авторлардың шығармаларын насихаттау үшін ұйымдастырылатын шағын форматтағы іс-шараларға қатыса аласыз.
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс кітапханаларында белгілі жергілікті авторлардың шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында түрлі түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылып, 139 жоба жүзеге асырылып, оның аясында 4 500-ден астам іс-шаралар өткізілді. 2020 жылға 67 жоба жоспарланған.
2020 жылдың 1 тоқсанында Ақмола облысының кітапханаларында 12 жоба жүзеге асырылды, 12000-нан астам адам қатысуымен 800-ден астам іс-шаралар өткізілді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы – ел экономикасының даму айнасы деуге болады.Білім мен парасаттың, рухани азықтың ордасы – кітапхана! Ал, рухани жаңғыру дәл осы жерден, кеудеңді рухани байлыққа кенейтін кітапханадан бастау алуы керек!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *