Сыдық Мұхамеджанов

Биыл дарынды, біртуар композитор Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 100 жыл!
Ол ән, романстардан бастап камералық оркестрге, симфониялық оркестрге арнап әр түрлі жанрда музыка жазған! Опера, кантата, спектакль, көркемфильмдерді де қамтыған. Алғаш рет Абылайхан образын сахнаға шығарған, сол үшін партиядан сөгіс те алған.
Сыдық Мұхамеджанов Қарағанды облысы, Шет ауданының тумасы. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор Е.Брусиловскийден композиция классы бойынша бітірген. Композитордың «Айсұлу», «Жұмбақ қыз», «Ақан сері-Ақтоқты» опералары, «Ғасырлар үні», «Шаттық мекені» симфониялары, «Дархан дала» симфониялық күйі, «Домбыраға арналған концерттер», «Қобызға арналған концерттер» туындылары, скрипка, қобыз, домбыраға арналған концерттері қазақ музыкасындағы ірі құбылыс деп бағалайды өнертанушылар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *