Театрдың қос тарланы

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Көкшетауға келген атақты Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының әртістері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Бауыржан Момышұлы атындағы “Намыс” орденінің иегері Бекжан Асаубайұлы Тұрыс, кино және театр актері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты Дулыға Досмахамбетұлы Ақмолдамен кездесу өтті. Кездесуге режиссура, драма әртісі мамандығында оқитын студенттер, мәдениет пен театрды жақсы көретін тұрақты оқырмандар және кітапхана қызметкерлері қатысты. Қонаққа келген әртістердің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін «Театрдың қос тарландары» кітап көрмесі дайындалды. Қонақтарымыз оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, өздерінің театр мен кино алаңында болған қызықты оқиғаларымен бөлісті. Бекжан Тұрыс “77 күн”, “Ұят болмасын” (Ақылбай шал), “Еркектің аты – еркек” теле-бағдарламалары арқылы көпшілікке кеңінен танымал. Ал, Дулыға Ақмолданы «Тамаша» телетеатры, «Әзілстан», «77 күн» бағдарламалары және «Қызжылаған», «Сардар», «Біржан сал» кинолары арқылы қалың жұртшылық жақсы біледі.
Кеш соңында қонақтарға естелікке кітапхана атынан сый-сияпат берілді. Әкем театры Көкше жеріне бет бұрған тұста, осы қара шаңырақтың белді әртістерімен жүздесіп қалуға мүмкіндік жасаған кітапхана басшылығына жиналған оқырмандар өз ризашылығын білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *