«Ғаламның қос ғұламасы»

6 қантарда  Облыстық кітапхананың оқу залы секторының қызметкерлері биылғы атаулы жылы қазақтың дара тұлғалары, қос данышпаны, ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына  және көрнекті ғалым, философ  Әл-Фарабидің туғанына 1150 жылдығына орай «Ғаламның қос ғұламасы»-атты үлкен кітап көрмесін жасады. Абай Құнанбаев дүние жүзіне белгілі ақын, оның ақыл- өнегеге толған қара сөздері,  өлеңдері қарапайым оқырман қауымына танымал, сондықтан оны бүкіл дүние жүзі болып Юнесконың қолдауымен тойламақшы.

 Көрменің басты мақсаты жастарға, оқырмандарға екі бірдей ғұлама, данышпанның қандай шығармалары барын көрсетіп, жақын таныстыру, насихаттау. Көрмеге  олардың көпшілікке таныс шығармалары қойылды.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *