Ғарыш қырандары

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы №7 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары үшін «Ғарыш қырандары» атты патриоттық сағат өткізді. Оқушыларға Қазақстанның үш ұшқыш-ғарышкерлері: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтер туралы ақпарат берілді.
1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанды. Сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналды. Осы күнге байланысты маңызды ақпарат пен танымды сұрақтардан дайындалған іс-шара балаларға жақсы әсер қалдырды.
Аталмыш шараға 4 сынып оқушылары қатысып, қойылған барлық сұрақтарға жауап беріп, өздерінің ғарыш тақырыбы бойынша ақпараттандырылғандықтарын көрсете білді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *