Қазақ поэзиясының шамшырағы

2025 жылдың 20 қаңтары күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері №12 мектеп-лицейінде Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы бойынша «Қазақ поэзиясының шамшырағы» атты әдеби кеш өткізді. Әдеби кеште оқушыларға ақынның өмірі жайлы қысқаша ақпарат беріліп, шығармашылығы жайлы ауыз толтырып айтарлықтай деректер айтылды. Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері оқылды және кітаптары таныстырылды.
Іс-шара барысында оқушылар да Мағжан аталары жайлы білетіндерін ортаға салды. «Қазақ тілі», «Мен жастарға сенемін!» атты өлеңдерін жатқа айтып, қазаққа Мағжандай адал, Мағжандай жанашыр болатындарын ақ қардай кіршіксіз көңілдерімен жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *