Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұлы ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың туған күніне орай «Kitap – avenue 2025» жобасы аясында «Қазақ әдебиетінің тарланы» атты әдеби кеш өткізді.
Әдеби кешке Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Мектеп оқушылары Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ, ақынның өмірбаяны мен жүріп өткен жолы туралы оқушылардың назарына анимациялық мультфильм ұсынылды.