Қайырымдылық акциясы туралы ақпараттық есеп

18.02.2021ж. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК-ның 75 жылдығы аясында және халықаралық кітап сыйлау күніне қарсы Көкшетау қаласының Аналар үйі – ана үйінде қиын өмірлік жағдайға тап болған аналар үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Халықаралық кітап сыйлау күнінің бастамашысы үш баланың анасы және балалар кітабы сайтының негізін қалаушы екенін атап өткен жөн.

Іс-шара барысында келесі сұрақтарға жауап беруге көмектесетін кітаптар сыйға тартылды: қай жаста босану жақсы, жүктілік қалай өтеді, босануға қалай дайындалу керек, емізу кезінде қандай асқынулар болады, қалай әдемі болу керек, баламен далада қанша жүру керек, не пісіру керек, бала неге жылайды? Мыңдаған кеңестер мен ұсыныстар баланы сау және бақытты етуге көмектеседі.

“Тал бесіктен жер бесікке дейін” кітабында жинақталған қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, қазақ отбасында бала тәрбиесі туралы тарихи ұлттық ұғымды қалыптастыруға көмектеседі.

Жеңіл оқылатын әдебиеттер  Рубина Д, Донцова Д, Ахерн С., “Жастар поэзиясы жолында” және т. б. заманауи авторлардың кітаптары сыйға тартылды.

М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК-ның қызметкерлерінің қаражатына сәбилерге арналған жайлықтар, аналарға тәтті тағамдар сатып алынды.

Акцияның мақсаты-қиын өмірлік жағдайға тап болған аналарға көмек қолын созу, әдебиеттерді оқуға ынталандыру, өзгелердің проблемаларына бей-жай қарамау.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *