Ұлы ғалым – Қаныш

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы №12 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары үшін Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Ұлы ғалым – Қаныш» атты портреттік кеш өткізді.
Оқушыларға белгілі геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың өмірі, еңбек жолы туралы ақпарат берілді.
Портреттік кеш барысында аталмыш мектеп кітапханашысы Сәуле Талғатқызымен дайындалған кітап көрмесі таныстырылды.

Оқушыларға сондай – ақ, пайдалы жер қазбалары туралы танымдық ақпарат берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *