Әлия ерлігі — өшпес тарих

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Кеңес Одағының Батыры, қаһарман қазақ қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Әлия ерлігі — өшпес тарих» history time өткізді. Іс-шараға №11 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты: жас ұрпаққа батыр қызымыз Әлия Молдағұлованың ерлігін насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу және тарихи сананы қалыптастыру.
Шара барысында кітапхана қызметкері Әлияның өмір жолына шолу жасап, оның Екінші дүниежүзілік соғыстағы ерлігі мен батылдығы жайлы ақпараттармен бөлісті. Кеште деректі материалдар, фотосуреттер, бейнероликтер көрсетіліп, батыр қызға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *