2021 жылдың 1 маусымы Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК «Шамшырақ» балалар коворкинг орталығының ұйымдастыруымен 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай «Жазғы оқулар» маусымының ашылуы және «Балалық шаққа саяхат»атты мерекелік іс-шара өтті. Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Балаларды мерекесімен Ақмола облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Сәбитова Айгүл Баубекқызы құттықтады. Белсенді оқырмандар өздерінің тілектерін әнмен, өлеңдермен жеткізді. Балалармен әр түрлі викториналар мен ойындар ұйымдастырылды.