2020 жылдың атаулы күндері – Знаменательные даты 2020 года

М.Жұмабаев атындағв АОӘҒК-дағы мерзімді басылымдар бөлімінде Қазақстан Халқы аАссамблеясының 25 жылдығына, Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына және Еріктілер жылына арналған ақпараттық көрме ұйымдастырылды.

Қазақстанда 2020 маңызды және атаулы даталарға бай. Еліміз көп ұлтты мемлекет болғандықтан ұлтына қарамастан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қатаң сақталуын қамтамасыз ететін, барлық этникалық топтардың мүдделерін ескере отырып, Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды элементі 1995 жылы 1 наурызда елдің Тұңғыш Президенті Н. А. бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы болды. Ұлттық бірлік доктринасы адамдарға уақыт сынынан бұрын бірігу қажеттілігін түсіну үшін негіз болып табылады.Оның қажеттілігі өмірдің өзінен туады, ол тарих логикасынан, біздің ортақ тағдырымыздан туындайды. Себебі, бірлік болмаса, ұлт болмайды. Ұлтсыз мемлекет болмайды. Мемлекетсіз болашақ болмайды.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен 2020 жылы еріктілер жылы болып жарияланды. Аға ұрпақтың тәжірибесі жас қоғамның күшімен үйлесіп, сәтті нәтежие береді. Жастарға тән белсенділік, әсіресе, қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогрестің әсерінен әлем тез өзгеріп, бәсекелестік айқындаушы бағытқа айналған кездегі сұранысқа ие.Шетелдік «волонтер» сөзі біздің сөздік қорымызға ұзақ және берік еніп келді. «Еріктілік – бұлеңалдыменжанныңеріктісерпіні». Еріктілер жылы «Біргеміз» – «Мы вместе» ұранымен өтеді.2020 жылдың 9 мамыр күні адамзат тарихындағы ең қорқынышты және қанды оқиғаның бірі  Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл толады. Осы  күні біз азаттық пен тәуелсіздік үшін күрескен тыл ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетеміз.Майдан даласында қаза болғандарға мәңгі тағзым етіп,  тірі ардагерлерге шексіз алғысымызды білдіреміз. Ең бастысы – әрдайым Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қамқорлық жасай білу, оларды құрметтеу Қазақстандықтардың парызы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *