Абай Құнанбаев – 175 жыл

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімінің «Ұлттық библиография» секторы дәстүрлі түрде мерейтой иелерінің библиографиялық көрсеткішін шығарады.
«Хәкім Абай» атты библиографиялық көрсеткіш қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, философ, композитор және көрнекті қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналды.
Библиографиялық көрсеткіш негізгі үш бөлімнен тұрады: кіріспе, қысқаша өмірбаяны және әдебиеттер тізімі.
Әдебиеттер тізіміне автордың кітаптары және ол туралы ақпараттар топтастырылды.
Библиографиялық көрсеткіш абайтанушыларға, ұстаздарға, студенттерге, кітапханашыларға, жалпы қалың оқырман қауымға арналған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *