Ата Заңым – азат елдің айбары

Ағымдағы жылдың 24 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясы Күніне орай «Ата Заңым – азат елдің айбары» атты ақпараттық сағат өткізілді. Аталмыш шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары қатысты.
Курсанттарға Қазақстан Республикасының Ата Заңы тарихы бойынша ақпарат берілді.
Қазақстан Республикасының Ата Заңы – ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші Конституциясы. Алдыңғы Конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
Сондай-ақ, курсанттар кітапхананың жұмысымен танысты, оларға арнап экскурсия өткізілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *