Әдеби мерейтойлар

«Егер сіз біреуді сынағыңыз келсе, есіңізде болсын, сізде барлығының бірдей мүмкіндіктері бола бермеді».
(«Ұлы Гэтсби» Ф. Скотт Фицджеральд)
Қыркүйек айында шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі шетел әдебиетінің әлемдік классиктерінің мерейтойларына арналған “Әдеби мерейтойлар” атты кітап көрмесін ұсынады: Уильям Голдингтің 110 жылдығы (19.09.1911 – 1993), Герберт Джордж Уэллстың 155 жылдығы (21.09.1866-1946), Фрэнсис Скотт Фицджералдтың 125 жылдығы (24.09.1896-1940).
Егер сіз осы жазушылардың шығармаларын оқымаған болсаңыз және олар туралы ештеңе білмесеңіз – біздің «әдеби әлемнің жауһарлары»-кітап көрмесі осы жазушылар мен олардың бестселлерлері туралы түпнұсқа тілінде көбірек білуге көмектеседі.
Уильям Джералд Голдинг 1911 жылдың 19 қыркүйегінде мектеп мұғалімінің отбасында дүниеге келді, Оксфорд университетінің әдебиет факультетін бітірді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Голдинг әскери–теңіз флотында қызмет етті (1940-1945). Осыдан кейін ол Солсбериде оқытушы болып жұмыс істеді. 1954 жылы «Шыбындар әміршісі» романы жарық көрді. Бұл шығарманы көптеген баспагерлер қабылдамағаннан кейін автор оны Faber & Faber фирмасына 60 фунт стерлингке сатты, Faber & Faber баспасы оны автордың ядролық соғыстың қасіретін сипаттайтын алғашқы беттерін алып тастау шартымен жарыққа шығаруға келісті. Бірақ символды роман жарыққа шыққаннан кейін фурор туғызды. 1963 жылы роман бойынша «Lord of the Flies» фильмі түсірілді.
1983 жылы Уильям Голдингке әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы берілді. Голдингтің жұмысын бағалау екіұштылыққа ие болды. Барлық келіспеушіліктерге қарамастан, бүкіл әлем оқырмандары Голдингтің шығармаларына назарларын аударды.
Фантаст-жазушы Герберт Джордж Уэллс (21.09.1866– 13.08.1946).
Шығармашылық өмірінде (1895 жылдан бастап) Уэллс 40-қа жуық роман және көптеген әңгімелер, екі дүниежүзілік тарих бысылымдары, балаларға арналған 3 кітап, өмірбаян және т.б. жазды. Уэллстың романдары Жюль Верннің романдарына жақын, өйткені олардың негізінде ғылыми жаңалық бар. Уэллстың романдары бүкіл әлемге әсер ететін апатты, “ғарыштық” жағдайларға бейімділікпен сипатталады.
Фрэнсис Скотт Кей Фицджералд (24.09.1896-1940) — американдық жазушы, әдебиеттегі “жоғалған” деп аталатын ұрпақтың ең үлкен өкілі. 1925 жылы жарық көрген “Ұлы Гэтсби” романы, сонымен қатар 1920 жылдардағы Американдық “джаз дәуірі” туралы бірқатар романдар мен әңгімелер Фицджералдқа танымалдылық әкелді. “Джаз дәуірі” немесе “джаз ғасыры” терминін Фицджеральдтың өзі ойлап тапқан, ол бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бастап 1930 жылдардағы Ұлы депрессияға дейінгі Америка тарихының кезеңін білдіреді. Скотт сонымен қатар журналдарға жазды, осы жұмыс жазушыға айтарлықтай табыс әкелді (ол сол кездегі “жылтыр” журналдардың ең көп төленетін авторларының бірі болған).
Бізбен бірге оқыңыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *