РУХАНИ ҚАЗЫНА-2023

27 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Астана қаласында мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына-2023» республикалық фестивалі өтуде. Бұл дүбірлі додаға Ақмола облысының кітапхана саласынан 5 номинация бойынша қатысуда.
Бүгін 1 желтоқсан «Рухани қазына-2023» республикалық фестивалінің жабылуында Ақмола облысы «Ауылдық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы бойынша үздік атанды. Бұл номинацияның жеңімпазы – Ерейментау орталық кітапхана жүйесінің кітапханашысы – Худжанова Жадра Сабырқызы.
Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз: Ж.С.Худжанова мен Ереймен ОКЖ директоры – Садвакасова Динара Балтабайқызын.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *