«Парасат жолы» орталығы кезекті жұмысын жалғастырды

2021 жылғы 18 маусымында М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімі» кітапханадағы «Парасат жолы» өңірлік орталығының аясында Көкшетау қаласының мамандандырылған күзет қызметінің мамандарына осы орталық, оның қызметі туралы ақпараттық сағат өткізді.
Шара барысында кітапханашы М.Н. Альжанова қатысушыларға ағымдағы жылдың ақпан айында еліміздің барлық аймақтарында, соның ішінде облыстық кітапханада «Адалдық алаңы» жобасы аясында ашылған «Парасат жолы» орталығы, оның қызметі, «сыбайлас жемқорлық» ұғымы туралы ақпарат берді. «Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімі» дайындаған «Жемқорлықпен күресті бала тәрбиесінен бастайық» деп аталатын танымдық бейнеролик және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы департаменті басшысының бірінші орынбасары А.Т. Бердалинмен жүргізілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекет тұрақтылығына апаратын жол» атты сұхбат іс-шара барысында көрермен назарына ұсынылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *