Күш атасы – Қажымұқан

16 сәуір күні Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК оқу залы бөлімі Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай “Күш атасы – Қажымұқан” атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Бұл көрмеде атақты қазақ балуаны туралы қызықты ақпарат берілген. Қажымұқан Мұңайтпасов – Қазақ халқының тарихандағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып, өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды тұңғыш мойнына ілген бабамыз.
Көрме кітапханамыздағы коворкинг орталығында қойылған. Барша оқырман Қ. Мұайтпасовтың өмірбаяны, күрес өнеріндегі ерлігі туралы таныса алады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *