Айтбай Шаншаров

25 сәуір күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы «Жазушы – Айтбай Шаншаров» атты ақпараттық   рандеву дайындады. Айтбай Шаншаров 1929 жылы 27 сәуірде Ақмола қаласында туып, балалар үйінде тәрбиеленді. 1951 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Сол жылы «Көркем әдебиет» баспасына редактор болып орналасады. Содан соң «Қазақстан» баспасында аға редактор, және «Қазақ совет энциклопедиясында» аға редактор қызметін атқарады. Айтбай Шаншаров, негізінен аудармашы ретінде танымал. Л.Н.Толстойдың, И.Мележдің, П.Вежиновтің, С.Вангелидің роман, повестерін аударып,  жеке кітап етіп бастырған. Балаларға арналған әңгіме кітапшалары да бар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *