Сәкен Сейфуллин

24 сәуір күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында ақын, жазушы Сәкен Сейфуллинның туғанына 130 жылдығына арналған «Кербез Көкшенің ақиығы – Сәкен Сейфуллин» атты әдеби time өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушы, дарынды драматург, білікті ұстаз Сәкен Сейфулиннің өмір жолы мен шығармашылығы туралы ақпарат берілді. Мектеп оқушылары да іс-шараға тыңғылықты дайындалғандықтарын, Сәкен ақынның өлеңдерін жатқа оқығандарынан-ақ байқауға болады.
Көрермендерге «Қазақтың Ақсұңқары – Сәкен Сейфуллин» атты бейнеролик көрсетілді. Бұл бейнероликте ақынның адамгершілік қасиеті, елге деген құрметі мен махаббаты жайлы сәкентанушы ғалымдардың айтқан пікірлері орын алады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *