Сәдуақасов Тортай Қазиұлы

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы оқырмандардың назарына Сәдуақасов Тортай Қазиұлының туғанына 70 жыл толуына орай«Тарихыңды танып біл» кейсбук ұйымдастырды. Тортай Сәдуәқас 1954 жылы Көкшетау облысының Щучье ауданында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін тамамдаған. «Көкшетау правдасы» газетінде, «Жазушы» баспасында редактор болып істеді, Қазақстан Республикасының Үкіметінде қызмет істеді. Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кеңсесінде қызмет атқарды. 1984 жылдан Жазушылар одағының мүшесі. Бірнеше өлең кітаптарының авторы. Соңғы уақытта «Назарбай би және туған өлке тарихы», «Ел мен жер», «Абылай хан мен Аталық», «Астана аймағы», «Шортанкөл ойға шомғанда», тағы басқа өлең, зерттеу кітаптары жарық көрді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *