«Мен үйрендім өлеңді атамдардан…» Ақтаңгер ақын Мұса Асайыновтың туғанына 95 жыл

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімі асқақ әнші, ақиық ақын Мұса Асайыновтың туғанына 95 жыл толуына орай әдеби тайм өткізді.
Белгілі әнші, ақын Мұса Асайынов бұрынғы Көкшетау облысы, Айыртау ауданының Өскен ауылында 1929 жылы дүниеге келген. Мұсаның үлкен атасы-атақты әнші, ақын Үкілі Ыбырай, нағашысы ақын
Молдахмет Тырбиев. Ақын 13 жасынан домбыра тартып, 15 жасынан бастап өлең шығара бастаған. Даусы ашық, домбыраны жақсы тартқан. Оның есімі республикамыздыңөнер сүйгіш қауымына айтысқа түскен ақтангер ақындығымен таныс. Оның орындауымен Ақан серінің, Біржан салдың, Үкілі Ыбырайдың, Балуан Шолақтың әндері күйтабаққа жазылып шықты.
Мұса бала кезінен өнер биігіне құлаш ұрып, соғыс жылдары майданға кеткен өнершіл ағалардың орнын басты.
Солтүстік Қазақстан филормониясының әншісі болып алынғанда, ол он бесте еді. Ол өзінен бұрынғы асыл мұраны жинап, халқына қызмет ете білді. Содан кейін М. Асайынов туған ауылына оралып, клуб бастығы, журналист болып істейді. Бірақ ақындығын одан әрі жалғастыра береді.
1943-1954 жылдары облыстық айтысқа қатынасып, өлендерінің өткір тілділігімен, мазмұндылығымен көзге түседі. Содан кейін облыстық, өлкелік, республикалық айтыстардың бәріне қатысады. Тоғыз айтыста Көкшетау облысы ақындарының ішінде бірінші болды.
1964 жылы Ақмолада өткен Солтүстік Қазақстанның бес облысының ақындар айтысында жюрилер алқасы Көкшетау ақындарына жақсы баға береді. Үлкен жеңіс 1966 жылы келеді. Ол республикалық айтыста бірінші орын алып Сәбит Мұқановтың мақтауына ие болды. В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына байланысты және Жамбыл Жабаевтың 125 жылдық торқалы тойында айтыстың бас бәйгесіне ие болып, шын саңлақ екендігін танытты.Мұса Асайынов облыс орталығында қазақ айтыс ақындарының басын құрады да, оның жетекшісі болды.Ұлттық өнерімізге үлкен үлес қосқаны үшін 1974 жылы «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағы берілді. Мұса Асайынов 1976 жылы дүниеден озды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *