Биыл қазақ балалар әдебиетінің классигі, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл.

Биыл қазақ балалар әдебиетінің классигі, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл. Осы мерейтой аясында М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана «Балалық шаққа саяхат» әдеби вернисаж ұйымдастырды. Іс-шара Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің дәрісханасында өтті.

Аталған оқу орнының студенттеріне жазушы Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы кеңінен баяндалды. Соқпақбаев шығармаларындағы шұрайлы тіл байлығы мен стиль ерекшелігі талай ғылыми еңбектерге арқау болса, туындылардағы өмір шындығы, қоғамдағы өзгерістер, кейіпкерлер бейнесі, балалар психологиясы барынша шынайы суреттелген. Сондықтан да қаламгердің еңбектері осы күнге дейін ең көп оқылатын шығармалар қатарында.

Студенттер де қазіргі әдебиеттің даму бағыты жайлы ойларын білдіріп, Соқпақбаев шығармашылығына қатысты сұрақтарына жауап алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *