АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ КІТАПХАНАЛАР

Қазір ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кітапханалардың рөлін арттырып, кітапхана – ел руханиятының бесігі, кітапсыз адам дамуы мүмкін емес, кітапхана – білім мен мәдениеттің, жаңа идеялардың ордасы екенін айтып отыр. «Кітап оқуға, қоршаған әлемді кітап арқылы танып-білуге деген қызығушылық балаларда мектептен бастап қалыптасуы керек. Ал, кітапхана осы қызығушылықтың шоғырланған жері, қызықты кітап әлеміне жол сілтейтін орын болуы керек», – деген Елбасы Құрылтай отырысында тағы да кітапхана тақырыбына қайта оралды: “Біз, ең алдымен, жастарды оқуға деген сүйіспеншілікке баулуымыз керек. Сонда ғана кітап оқитын ел боламыз. Кітаптар оқырмандарға қол жетімді болуы керек. Жас ұрпақ үшін ел кітапханаларында шығармашылықпен айналысуға, жаңа білім алуға барлық мүмкіндіктер жасалған”, – деп түйіндеді Қ.Тоқаев.


Ақмола облысының кітапханалары жас оқырмандар үшін жазға көптеген қызықты іс-шаралар мен жобалар дайындады. Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға арналған үш жобаны ұсынады: «Библиотека под открытым небом», «Кіno time» «Моvie time» көркем әдебиеттің үздік туындыларын насихаттауға арналған кино көрсетілім және «Оpen air».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *