Қажымұрат Рахимов

Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК Ақпараттық библиографиялық бөлімі Қажымұрат Рахимовтың 100 жылдығына арналған «Қазақ журналистикасының майталманы» атты inform plus-ті ұсынады.
Қажымұрат Рахимов 1924 жылы 23 ақпанда Целиноград (қазіргі Астана) қаласында туған. 1953 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Облыстық «Социалистік құрылыс» газетінің жауапты хатшысы, «Есіл правдасы» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып істеген. Целиноград (Ақмола) облыстық атқару комитетінде аға нұсқаушы, облыстық телевизиясында редактор қызметтерін атқарған. Алғашқы шығармалары 1940 жылдан көріне бастады. КСРО медальдарымен, 2-дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталған.
Шығармалары:
Қарлығаштар. Повестер
Бәйшешектер. Повестер
Сеңгір сырлары. Роман. 1-кітап.
Сеңгір сырлары. 2-кітап.
Бетпе-бет. 3-кітап.
Қасірет құрсауы. Роман.
Тайны Сенгира. Роман-дилогия
Жаңғырық. Роман,повестер мен әңгімелер

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *