Иран Тасқара

Ақын, сазгер, әншілігімен де елге танылған өнер иесі Иран Тасқара биыл 85 жаста. Дәстүрлі ән өнерін болашақ ұрпақтың санасына сіңіріп, дәріптеуге арнап жүрген өнер иесі Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырайдың өнерін жалғастырып келеді. 85 жылдық мерейтойына арнап Иран Тасқараның өз даусымен жазылған әндерден онлайн кейсбук циклін ұсынамыз.
Саналы ғұмырында 225 ән жазған, Республика бойы айтылып жүрген әндері бар танымал композитор, айтыскер ақын, 85 жасқа келген сал-серінің жұрнағы әлі күні домбыраны серік етіп келеді.
«Көкшенің Иран салдай өнерпазы» атты кейсбук циклінің бүгінгі кезегінде «Көкше вальсі» әнін ұсынамыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *