«Ашық аспан астындағы кітапхана» ашылды

2022 жылдың 2-маусым күні 1 – маусым Балаларды қорғау күніне орай М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кітапханасы кітапхана жанындағы аллеяда «Ашық аспан астындағы кітапхана» атты жазғы марафонының ашылу салтанатын өткізді.

Мерекеге жиналған балаларды түрлі ертегілердің бүлдіршіндерге таныс кейіпкерлері қарсы алды. Іс-шара барысында түрлі сайыстар, танымдық ойындар, көңілді эстафеталар, ертегілер желісіне құрылған сұрақтардан викториналар өткізілді. Балалар тапсырмаларды қуана орындады.

Іс-шара барысында асфальтта сурет салу байқауы өтті. Балалар өздерінің сүйікті ертегілерінің кейіпкерлерін және күн – бейбіт ашық аспанның, мейірімділіктің, жылулықтың, жаздың және демалыстың символын салды.

Балаларға демеушілердің қолдауымен балмұздақтар таратылды. Салтанатты шараға жиналған бүлдіршіндер ән-әуездің шаттығынан әсерленіп,  күні бойы жақсы көңіл-күйде болды, соңында ризашылықпен тарады.

Мерекенің сәнін келтіріп, балаларға тамаша көңіл-күй сыйлаған, аталмыш шараға қолдау көрсеткен DNS сандық және тұрмыстық техника дүкені, «Гормолзавод» ЖШС, МАИ инспекторы А.С.Нугербековке алғысымызды білдіреміз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *