Бір ел – Бір кітап (Ақпаратты-библиографиялық бөлім)

Ақпараттық-библиографиялық бөлімінің қызметкерлері 29 қаңтар күні №2 мектеп-лицейінің 5 қазақ сыныбының оқушыларымен кездесу өткізді, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Бір ел – Бір кітап акциясы» аясында балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Жекпе – жек» хикаятына талдау жүргізілді. Оқушылар өз дайындықтарын ортаға салып, «Жекпе – жек» шығармасы қызу талқыға түсті. Бұл шығарманың басты кейіпкері Мұрат туралы қызықты пікірлерін айтып, үлкен еңбектің, талаптың, жігердің керек екіндігін алға тартып, мақсат тұтты. Спортқа деген қызығушылықтарымен бөлісті. Шара барысында Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен қызметі жайлы бейнебаян көрсетіліп, жазушының кітаптарына шолу жүргізілді. Мақсаты: оқушыларды оқуға тарту, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, ата-дәстүрін сақтап, тарихын тану, Отансүйгіштікке баулу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *