Бір шаңырақ астында

М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК және Достық Үйі
2021жылдың 15 қыркүйегінде Тіл мерекесіне арналған 10 күндік декаданың аясында М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Достық Үйі бірігіп ұйымдастырған «Ұлы даланың – ұлтаралық тілі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін этнос өкілдері қатысып, пікір алмасты.
Іс-шара басталмас бұрын Достық Үйінің кіре берісінде М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы дөңгелек үстелге қатысушылардың назарына онкүндікке арналып дайындалған «Менің тілім – менің Тәуелсіздігім! Мой язык – моя независимость! My Language – My Independence!» атты көрмені ұсынып, тарихқа саяхат жасады.
Одан әрі бағдарлама бойынша сұхбат алаңының модераторы Д.Т. Какпенова; Ақмола облысының «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы М.М. Қойшин, М. Жұмабаев атындағы облыстық кітапхананың шет тіліндегі әдебиеттер бөлімінің басшысы Пугачева Н.Б. сөз сөйледі. Спикерлерден кейін жастар кезек алып, тақырыбымызға арқау болған Ұлы данышпанымыз Абайдың өлеңдерін бірнеше тілде оқып берді.
М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Достық Үйінің, және этномәдениет орталықтарының осындай іс-шараларды бірігіп өткізуі түрлі ұлттың мәдениеті мен тарихын тануға және қоғамда бейбітшілік пен келісімді қолдауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *