Б. Байәділ және Д. Ахметжановтың «Елім деп соққан егіз жүрек» кітабының тұсаукесері

2021 жылдың 8 маусымында Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімі «Достық үйі» КММ бірлесе отырып, Еңбек ардагері, Ақмола облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы,Сәтбаевтанушы Қиықов Мейрамбек Қиықұлы мен ҚР халыққа білім беру ісінің үздігі, Еңбек Ардагері Қиықова Зере Еспайқызының өмірі мен қызметіне арналған Б. Байәділ және Д. Ахметжановтың «Елім деп соққан егіз жүрек» атты кітабының тұсаукесерін өткізді. Іс-шара «Алтын-арқа» ақпараттық-ағартушылық орталығының аясында өтті. Бұл осы орталықтың 26-шы отырысы.Тыңдаушыларға арналған бейнеролик ұсынылды. Іс-шара Ақмола облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Сәбитова Айгүл Баубекқызының қолдауымен өткізілді. Іс-шараның модераторы – орталық төрағасы, «Көкшетау» қалалық газетінің бас редакторы, Қазақстан жазушылары мен журналистері Одағының мүшесі Серік Сапарұлы Жетпісқалиев болды. «Елім деп соққан егіз жүрек» атты кітабын өлкетану библиографиясы секторының басшысы Аида Танатқызы Тулешова таныстырды.

Ол кітапта ұсынылған бөлімдерге тоқталып өтті. Іс-шараға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің филология факультетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Нұрмағамбетұлы Жамбек, Балталы Сәрсенбаев, этномәдени орталықтарының өкілдері және Қиықов Мейрамбек Қиықұлының туыстары қатысты. «Өнегелі өмір» кітап көрмесі ақпараттық негіз болды. Көрмеде мерзімдік басылымдардан алынған материалдар, сонымен қатар Қиықовтар отбасы туралы кітаптар ұсынылды. Қиықов Мейрамбек Қиықұлы кітапхана қорына кітаптар сыйлады. М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапханаға – 5 кітап және қалалық ақпараттық-кітапханалық жүйеге – 10 кітап, ал сонымен қатар М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғаныс академиясының студенттеріне кітаптар сыйға берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *