КІТАПХАНАДАҒЫ КЕЗДЕСІ

31 наурыз Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына «Үш қоңыр» республикалық газетінің бас редакторы Болат Батыров келді. Әдебиет және өнер жөніндегі Республикалық газеттің алғашқы басылымы 2010 жылы 19 наурызда жарық көрген.
Басылымның негізгі идеясы: мәдениет мәселелерін кеңінен жариялау, оқырмандардың назарын ұлттық өнер мен әдебиетке аудару «Үш қоңыр» республикалық газетін өңірдің барлық дерлік кітапханалары жазадырып алады. АОӘҒК-да қонақты Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Сәбитова Айгүл Баубекқызы және мекеме директоры Қуаныш Ерғалиұлы Оспанов қарсы алды. Бас редактор өзінің баспасы және қызықты жарияланымдар туралы айтты. Кездесуге кітапханашылар: мерзімді басылымдарға және олардың мәдениет пен өнер мәселелеріне арналған материалдарға қызығушылық танытқандардың барлығы қатысты. Кездесудің жағымды сәті біздің әріптесіміз – өнер бөлімінің басшысы Ерманова Бостанкүл Азатқызына газетпен тұрақты ынтымақтастығы үшін алғыс хат табыстау болды. Бостанкүл Азатқызы өнер адамдарын насихаттау жөніндегі «Өңіріміздің өнер майталмандары» жобасының авторы болып табылады. Жобаның іс-шаралары туралы ақпарат «Үш қоңыр» республикалық басылымының беттерінде үнемі жарияланып отырды.

Әріптесімізді лайықты марапатымен құттықтаймыз. Болат Батыров іс-шараның барлық қонақтарына газет көшірмелерін, сондай-ақ басылымдардың фотосуреттері бар күнтізбелерді сыйға тартты. Өз кезегінде кітапхана директоры бас редакторға өз кітаптарын сыйға тартты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *