СҮЙІНШІ! ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ!

Биылғы жылы ақын, ғұлама ойшыл, ағартушы Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойы елімізде аталып өтіп жатыр. Ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, қазақ әдебиетінің нар тұлғасы Шәкәрім Құдайбердіұлының есімін алты Алашқа асқақтату мақсатында Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының көпшілік іс-шаралар бөлімі бірнеше іс-шара өткізуді жоспарлаған.

2023 жылдың 28 ақпаны күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Шәкәрім оқулары» республикалық байқауына іріктеу мақсатында облыстық «Шәкәрім оқулары» байқауы өткізілді. Байқауға қала және аудан мектептерінен іріктеліп алынған жеңімпаздар қатысып, ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.

Байқау жеңімпаздары арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталып, қатысушыларға арнайы алғыс хаттар табысталды.

Байқау жеңімпазы  Серікова Дильназ Аяновна наурыз айында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен өтетін республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауына жолдама алған болатын.

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы осы атқарылған істердің нәтижесінде өңірде байқауды үздік ұйымдастырғаны үшін ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Н.Дәуешовтың қолы қойылған Алғыс хатпен марапатталды.

Көктемнің шуақты мерекелерімен қатар келген жағымды жаңалықпен Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кітапхана ұжымын құттықтаймыз! Еңбектеріңіздің жемісімен жеңісі көп болсын!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *