Кітапханлар қызметініңөзекті мәселелері

2022 жылдың 15 маусымында М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының coworking-індеөңіріміздің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшылары мен әдіскерлері арасында “Кітапханлар қызметініңөзекті мәселелері” тақырыбында семинар-практикум болып өтті.

АОӘҒК директоры Қуаныш Оспанов семинарды ашып, қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Басшы өз сөзінде кітапханаларды дамытудың келешегі, кадрлық әлеует туралы, М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК мүше болған Қазақстан Кітапханалар Одағына мүшелігіне енуді және т.б. айтып өтті.

Шараның салтанатты бөлігінде Қуаныш Ерғалиұлы «Рухани қазына-2022» республикалық мәдениет және өнер қайраткерлері фестивалінің аймақтық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. 8 үміткер дипломдармен және демеушілердің сыйлықтарымен марапатталды.

Маркетинг секторының меңгерушісі Любовь Никитина семинардың мазмұнын ашып, кітапханалардың есеп берудегі оңтайлы жұмыс тәжірибесіне тоқталып, кестелермен есеп беру жұмыстарын жақсартуды ұсынды.

Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысыНазира Тәшкенова, жас оқырмандар алдында кітапхананың оң имиджін қалыптастыру ғимараттың сәнді келбетіне, қордың құрамына ғана емес, сонымен қатар, өткізілетін іс-шаралардың сапасы мен кітапханашының біліктілігіне де байланысты екенін атап өтті.

Анықтамалық-библиографиялық және көркем әдебиет бөлімінің жетекшілері жобаларды жүзеге асырудағы тәжірибелерімен бөлісті. Гауһар Әбдірахманова библиографиялық мазмұнды тиімді пайдалануды ұсынды. Бостангүл Ерманова жиналғандарды өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінің жобалық іс-шараларының нәтижелерімен қызықтырды.

Кітапхана үдерістерін автоматтандыру бөлімінің басшысы Андрей Шарук әдістемелік тәжірибеде бұлтты технологияларды қолдану алгоритмін түсіндірді.

Семинар бағдарламасы тәжірибе алмасу, пікірталас, жобалар мен идеялар туралы презентацияларға толы болды.

Семинарға қатысушылар ауыл кітапханашыларының біліктілігін арттыру, ескірген басылымдарды есептен шығару, библиографиялық мазмұнды құрудың мәселелері және т.б. сұрақтарды көтерді.

Осындай кәсіби платформалар, міндетті түрде кәсіби шеберлікті арттыруға, тәжірибе алмасуға, технологияны тиімді пайдалануға, іс-әрекеттеріңізді талдауға және болашаққа арналған қызықты жоспарларды белгілеуге мүмкіндік береді.

Әріптестер, ынтымақтастық үшін рахмет!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *