Парасат жолы

2021 жылғы 25 ақпанда М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жанындағы «Парасат жолы» орталығының жұмысы жалғасып, Республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, белгілі қоғам қайраткері, жазушы, журналист, публицист Сәдібек Түгелдің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департамент басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин жүргізіп отырды.
Оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департамент басшысы Мұрат Ақтанұлы Төлеубаев, жазушы, журналист, қоғам қайраткері, «Ақмола-Тіршілік» ЖШС директоры Жабал Ерғалиев, Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев «Арқа ажары» газетінің бас редакторы Қайырбай Төреғожа, М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры т.б. қатысты.
Сәдібек Түгел өзінің Республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі болып сайланғаннан бергі жұмыстары атқарылған жұмыстар жайлы, жемқорлыққа қарсы күресуге өзінің көзқарасы туралы ауқымды баяндап берді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар осы тақырыпта сөз өрбітіп, өз ойларын ортаға салды.
Шара барысында Сәдібек Түгел өзінің кітаптарын кітапханаға сыйға тартты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *