1 Наурыз – Алғыс айту күні

М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімі» және «Ақпараттық-библиографиялық бөлімі» бірігіп, 2021 жылғы 1 наурызда Алғыс күніне арналған ақпараттық-танымдық сағат ұйымдастырды. Шара Көкшетау техникалық институтында өтті.
Ақпараттық-танымдық сағаттың жұмысы «Тағдырлар тоғыстырған татулық» атты кітап көрмесін таныстырудан басталды. Одан соң «Ақпараттық-библиогрфиялық бөлімнің» библиографы Р.Ш. Қайдарова Алғыс айту күнінің тарихын баяндап берді. Аталған шараға қонақ болып келген «Әзербайжан әлемі мәдени орталығының» Ақмола облысы бойынша өкілдігінің төрағасы Т.Г. Мамедов өзінің Қазақстанға қалай, қандай тарихи жағдайларда келгендігін әңгімелеп, ғибратты оқиғаларымен бөлісіп, мерекемен құттықтады.
Шара «Алғыс айтамын» атты марафонмен аяқталды. Әр курсант, шараға жиналған барлық қауым «Мен Жаратушыға алғыс айтамын», «Мен түн тыныштығын сақтап жүрген мамандарға алғыс айтамын», «Мен осы жердегі ұстаздарыма алғыс айтамын» деген сияқты бір-бір сөйлеммен алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *