СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ

2023 жылдың 10 қарашасы күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Шоқан Уәлиханов атындағы көпсалалы колледжінің оқу залында қазақтың ақыны, ағартушы-демократ – Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына орай «Сөз сұлтаны – Сұлтанмахмұт» атты әдеби кеш өтті.
Аталмыш шараға ақын, жазушы, философия докторы – Ерболат Баятұлы қатысып, студенттерге Сұлтанмахмұт Торайғыров жайлы тың деректермен бөлісті. Оның шығармашылығындағы көркемдік ерекшеліктерін жіктеп айтып берді.
Одан әрі колледж кітапханашысы – Алма Серәліқызы Рыскельдина ақынның еңбектерінен құралған кітап көрмесімен таныстырды.
Студенттер кешке өте белсенді қатысып, ақынның өлеңдерін оқыды, сұрақтарын ортаға салып, жауап алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *