15 ҚАРАША – ҚАЗАҚСТАНДА ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ

15 қараша – Қазақстанда Ұлттық валюта күні. Қазақстандық валюта құнсызданудың бірнеше толқынынан және жылына 3061% инфляциядан аман қалды, солай бола тұра, 2004 жылы ол ТМД елдері арасында үздік деп танылды. Бүгінгі таңда теңге – тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендіктің символы, Қазақстанның жаңа тарихы мен болашағының толыққанды бөлігі. Ұлттық валютаның енгізілуі мемлекетке толыққанды банк секторын қалыптастыруды бастауға да мүмкіндік берді. Республикада 200-ге жуық банк пайда болды. Соңғы жылдары қазақстандық ақша бірлігі халықаралық нарықта таныла бастады. Шетелдік сарапшылар теңгені ТМД мен Орталық Азиядағы ең сенімді және тұрақты валюталардың бірі деп санайды.

Құрметті оқырмандар, назарларыңызға ұлттық валютаның шығу тарихына арналған history time ұсынамыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *