«Творчество, отданное детям» атты шығармашылық кездесу

2021 жылғы 22 сәуірде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай, Қазақстандағы балалар іс-шаралар жоспарын іске асыру жол картасы аясында М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК С. Торайғыров атындағы ПОӘҒК-мен бірлесе отырып, осы аймақтардағы балалар ақын-жазушыларының жас оқырмандармен шығармашылық кездесуін ұйымдастырды. Іс-шара Zoom платформасында өтті.
Шараға қатысқандар: ақын, журналист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Шолпан Байғалы; ақын, Славян мәдени орталығының басқарма мүшесі, «Серебряные страны» авторлық әні клубының координаторы Л.Н. Бевз; еңбегі сіңген мұғалім, аудармашы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі С. Сатыбалдин; балалар пресс орталығының жетекшісі, ИнЕУ-дің журналистика кафедрасының аға оқытушысы Вайберт; педагог, жазушы, суретші-сценограф А.И. Колодин. Сонымен қатар, осы шараға Ақмола облысынан ақын, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, «Көкшетау» газетінің бас редакторы С. Жетпісқалиев; ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы Қ. Төреғожа қатысты.
Шараның мақсаты: оқуға деген сүйіспеншілікті арттыру, жайлы жағдайда ақын-жазушыларға сұрақ қоюға мүмкіндік беру, шығармалардың жазылу тарихы туралы ақпарат алу.
Біздің қаламызда «шынайы, тірі» ақын-жазушылардың тұратынын білген кезде балалардың таңданысына шек болған жоқ. Авторлар тыңдаушыларға өздерінің халыққа жақсы таныс өлеңдерін және жаңа өлеңдерін де ұсынды. Бұл шығармаларда балалық шақтың барлық қызығы мен қуанышы бар. Балғындардың зор қызығушылығы мен шынайы балалық күлкілері қонақтарымыз үшін үлкен сый болғандай.
Ақын-жазушылар балалар мен кітапхана қызметкерлеріне әдемі кездесу үшін алғыстарын білдіріп, өз кітаптарын тарту етті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *