Киелі біздің Жер-Ана

Жыл сайын адамдар қоршаған ортаны және бүкіл әлемді қорғауға арналған бірнеше мейрамдарды атап өтеді. 22 сәуір – Дүниежүзілік жерді қорғау күні. Бұл күн – біз планетамызға қандай әсер ететініміз және оны болашақ ұрпақтар үшін сақтау керектігі туралы ойлануға мүмкіндік береді.
Біздің “Funny English” Балалар Ағылшын Клубы осындай тамаша күндерге арналған отырыстарды үнемі өткізіп тұрады.
2021 жылдың 21 сәуірінде БАК қатысушыларымен Халықаралық құстар күні аясында(01.04.1906.) құстардың қыстайтын жерлерінен оралуына арналған «Киелі біздің Жер-Ана. Земля наш общий дом. Save the Earth» отырысын өткізген болатынбыз. Біздің отырысымыз сәлемдесуден, ауа-райын талқылаудан және бір-бірімізге жағымды сөздер айтудан басталды, бұл балалар клубының әр отырысында міндетті болып тұр. Осыдан кейін біз отырыстың тақырыбын талқылауға кірістік.
Біз Жерді қорғау және таза сақтау керек екені туралы танымдық бейнероликтер көрдік. Сондай-ақ дәл осы уақытта алыс аймақтардан оралған құстар туралы сөйлестік. Біздің полиглотиктер өз пікірлерімен бөлісті, Жерді сақтау үшін не істеп жатқандарын айтты. Көбісі өз қолдарымен жасаған құсқа жем салатын астаулар туралы, қандай құстар ұшып жатқандығы туралы, құсқа жем салатын астауға не салуға болатындығы және оларды қалай тамақтандыруға болмайтындығы туралы айтты. Біз игі істер жасау оңай және тамаша деген қорытынды жасадық.
Әрі қарай біз жаңа сөздерді үйреніп, өлеңдер оқыдық, әндер шырқадық, ойнадық. Балалар түрлі-түсті суреттер салды.
Біздің отырысымызды Антуан де Сент-Экзюперидің “Кішкентай ханзада” атты керемет кітабынан алынған сөздердімен аяқтадық: «Мынадай нақты ереже бар: «Таңертең ерте тұрып, жуынып өзіңді тәртіпке келтірсең, онда тез арада өзің тұратын планетаңды да тәртіпке келтір»
Бірақ біз жас кейіпкердің осы ақылды кеңесіне әрдайым құлақ аспаймыз. Бірақ планетаңызды таза сақтау – тек сыртқа шығып, қоқыс жинауға қатысуды ғана емес, сонымен қатар өз үйіңізде тәртіп орнатуды да білдіреді.
Табиғатты сақтау – өмірімізді сақтау!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *